БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ КІШІ ҚАЖЫЛЫҚ БАРУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТА ТҮСКЕН

Биылғы жылы қасиетті Мекке мен Мәдинаға кіші қажылық жасауға ниетті мұсылмандар қатары өткен жылға қарағанда 18,15 пайызға артқан көрінеді. Бұл жайында «Saudi Gazette» баспасы хабар таратып отыр.

«Жалпы, биылғы рамазан айына дейін умра жасаймын деушілердің саны 4 154 069 миллионға жетіп жығылады», – дейді Мәдина қаласының Ақпарат және байланыс департаментінің директоры.

Мәдинадағы «Мұхаммед ибн Абдул Азиз» атындағы халықаралық әуежайдың өзінде умраға келушілердің 6 546 рейсі қабылданған. Осылайша  қажылыққа 3 770 101 адам әуе арқылы, 426 613 адам құрлық арқылы, 20 743 адам теңізбен жеткен.

Бұған қоса, негізгі умра жасаушылардың бір бөлігі – Пәкістан, Индонезия, Үндістан, Түркия секілді елдерде орналасқан Сауд Арабия елшілігінің арнайы шақыруымен келгендер.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін