МЫСЫР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Мысырдың пәтуа шығару басқармасы Бас мүфти Ибрахим Шауқи Қазақстандағы діни білім беру жүйесі мен дінді насихаттауға, сонымен қатар экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін мамандар әзірлеуге қолдау көрсететінін баяндады.Бұл туралы Бас мүфти Мысыдағы Қазақстан елшісі Арман Исагалиевпен ресми кездесуінде айтты.  

«Мысыр мен Қазақстан арасындағы әсіресе дін саласы бойынша қарым-қатынас өте жоғарғы деңгейде деп айуға негіз бар. Өйткені, біз әр жылда ондаған қазақстандық студенттерді әл-Азһар университетіне қабылдап отырмыз. Бұған қоса біздің тарап осы уақытқа дейін көптеген пәтуа шығарушы қазақстандық мамандарды даярлады», – деді Бас мүфти.

А. Исагалиев өз кезегінде Мысырдан экстремизм мен терроризмге қарсы күресте Қазақстанның үйренер тәжірибесі көптігін атап кетті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін