«Өлең – сөздің патшасы...» атты мәнерлеп оқудан сайысы өтті (фото)

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы...» атты мәнерлеп оқудан сайысы өтті. Аталмыш сайысқа мектеп оқушылары мен колледж  және ЖОО - студенттері белсене  ат салысып, өнер көрсетті. Аталмыш  сайыс екі бөлімнен тұрды.

 Бірінші кезеңде қатысушылар «Жыраулардың имани жырларын»  жатқа мәнерлеп оқыса, екінші бөлімінде Мұхтар Шахановтың өлеңдерін жатқа айтты. Аталмыш сайыста әр-түрлі ойындар ойнатылып, салт-дәстүрге қатысты сұрақ-жауап  өткізілді. Қасиетті домбыраның құлағында күй де шертілді.  

Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған үлкен сайыста қатысушылардың алдын ораған Жуатай Қуанышқа бас жүлде тиесілі болды.  Сондай-ақ, жүлделі бірінші орынд Қарабек Айгерім мен Маширапова Аружанға тиесілі болса,  кезекті екінші орынды Жасарал Құлпынай мен Әмірғазы Еламан иеленді. Ал, үшінші орынды Шакир Ділназ, Шыныбек Ақжан және Жұмадилов Бернар иеленді.  

Осындай игі шараны қолына алып, жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан, ұйымдастырған  Дәния Іңкәрбайқызы Әбеуоваға барлық қатысушылар мен ата-аналар алғыстарын айтты. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бергей.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін