Қарт христиан жерлестерін сәресіне оятып жүр

Міне, табаны күректей он төрт жыл болыпты, Мишел Айуб есімді мароккалық қарт христианның жерлестерін сәресіне оятып жүргеніне. Қасиетті айда көне дәстүрді жаңғыртып отыр. Бұл дәстүр жергілікті халықтың тілінде "месахарати" деп аталады. Ауыз бекіткісі келетіндерді оятатын бүгінгідей электр энергиясымен жұмыс істейтін түрлі құрылғылар болмаған кезде қолға алынған тамаша дәстүр бойынша Мишел Айуб түнгі сағат бірден таңғы сағат төртке дейін жатпайды. Қолына даңғырасын алып, көше кезіп, адамдарды оятып жүргені. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін