Бас мүфти «Еxpo-2017» көрмесі аясында Ватикан делегациясын қабылдады

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ватиканның «EXPO-2017» халықаралық көрмесі бойынша секция Комиссары, Кардинал Питер К.А.Тарксон бастаған делегацияны қабылдады.

Ресми кездесуде халықаралық көрменің мақсаты мен міндеті, Қазақстандағы діни татулық пен келісім моделі, қазіргі әлемдегі діни ахуал, дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің халықаралық дін қайраткерлерінің өзара келісімін нығайтудағы рөлі, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды.

Басқосу барысында Бас мүфти мәртебелі мейманға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен діни оқу орындары туралы әңгімелеп берді.+

Кездесу соңында Кардинал Питер К.А.Тарксон Астана қаласында дәстүрлі дін өкілдерінің қатысуымен халықаралық конференция өткізу туралы жоспарымен бөлісіп, осы жиынға мәртебелі қонақ ретінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын шақырды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін