Қарағанды облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы болып өтті. (фото)

ҚМДБ Қарағанды облыстық «Жастар ісі» бөлімі және «Балкен ана» мешітінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы болып өтті.

13 – жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысқан айтулы сайысқа аймағымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз септігін тигізді. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар қасиетті Құрани Кәрімдегі «Духа» және «Нас» сүрелерінің аралығындағы сүрелерді жаттап келуі тиіс болатын. Мықтылар жиналған бұл  бәйгеде 1 – орын Жезқазған қаласынан келген қатысушыға бұйырып, 50 000 теңгені қанжығасына байлап қайтты. Жүлделі   2-орын Жаңаарқа ауданынан келген қатысушыға бұйырып,  30 000 теңге қаржылай жүлде табысталды.  Кезекті  3- орын " Балкен ана " медресесінің  атынан келген қатысушыға тиесілі болып,  20 000 тең табысталды.

Сондай- ақ, сəл ғана басымдылықпен ұтылып қалған 5 қатысушыға  ынталандыру грамоталары мен сыйлықтар берілді. Ең жас қари номинациясы бойынша да қаржылай сыйлықтар табысталды. Жоғары деңгейде өткен игі шарада Құран бағышталып, ақ бата берілді, шашу да шашылды.

Осындай сауабы мол сайыста қатысушыларға әділ бағаларын берген әділқазы алқаларының құрамында Мысыр елінен келген, қари Тұрсынқанов Рашид Мейимбекұлы, РАНТ мүшесі,Қарағанды  облыстық мешіттің ұстазы Тағаев Нұрбол, «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы төрелік етті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін