Кіші қажылық кезінде сәбиін дүниеге әкелді

Дағыстандық келіншек кіші қажылық рәсімін атқаруға келген сапарында толғағы басталып, қасиетті мекенде шекесі торсықтай сәби дүниеге келді. Бір қызығы, айы-күні жетіп отырған келіншектің толғағы кезегін күткендей кіші қажылық рәсімін толықтай жасап болғанда басталған екен.

Осылайша, Малачиловтар отбасы тағы жанмен толығып, сәбилерінің саны үшке жеткен. Сәбиге азана шақырылып, атақты сахаба Біләлдің есімі берілген.+

Айта кетейік, былтырғы жылы кіші қажылық кезінде тағы бір дағыстандық отбасы осындай қуанышқа тап болған еді

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін