Ислами каллиграфия көрмесі болып өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының (ИТӨМҒО) ұйымдастыруымен Ислам каллиграфия көрмесі болып өтті.

Көрмеге 1986-2016 жылдары халықаралық байқауларда көрсетілген ИТӨМҒО-ның 30-дан аса каллигафиялық жұмыстары қойылған. Каллиграфия жұмыстарында Құран мен хадистерден кұралған сөздер жазылған.
Іс-шараға ИТӨМҒО-ның бас директоры Эрен Халид, Иран мәдениеті орталығының директоры Масут шейх Зейнеддин, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүмінов, "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұжымы, Астана қаласының зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысты.
Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы – мұсылман халықтарының тарихы саласында ғылыми-зерттеу, жариялау және құжаттама мәселелерімен айналысады. Мекеменің алдындағы тапсырмалардың бірі – Ислам Конференциясы Ұйымының әлемдік қоғамдық пікірі бойынша Исламның шынайы бейнесін көрсету үшін жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта орталық бүкіл адамзат тарихындағы ғылым, өнер және мәдениет дамыту мақсатында ислам дініне сай халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.+

Көрем деушілерге бұл ерекше көрме 17-тамызға дейін созылады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін