Екінші әл-Азһар университеті пайда бола ма?

Түркияның қазіргі билігіне жақын жүреді деген репутациясы бар Yeni Şafak сайты аталған елде әлемдік деңгейде ислами жоғарғы оқу орны ашылып қалуы мүмкін екенін жариялады. Жаңа ислами жоғарғы оқу орны Мысырдағы әлемге әйгілі әл-Азһар университетімен бір қатарда тұруы тиіс. Түркия билігінің ұйғарымы бойынша.  Бұл университет өз кезегінде Түркияны әлемдік ислами орталыққа айналдыруы тиіс. Аталмыш ислами жоғарғы оқу орнында әлем таныған 100-ге тарта ислам ғұламалары дәріс беруі мүмкін. Аталған университет қабырғасында дәріс араб, түрік және ағылшын тілдерінде беріледі. Негізгі пәндер – фиһқ, хадис және пайғамбарлар қиссасы. Біз сөз етіп отырған университет 2019-2020 жылдары ашылып қалуы ықтимал. Онда ондаған мыңға дейін студент білім алады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай университет құруға Түркияның әлеуеті толық жетеді. Біріншіден, Түркия сүнниттік бағыттағы елдердің ішінде өзіндік орны бар әрі көшбасшы мемлекет. Екіншіден, ғасырлар бойы жинаған ғылыми-діни тәжірибесі бай. Түркия мұсылман әлеміндегі жікшілдікке, түрлі дескрутивтік ағымдарға осылай тойтарыс береді. Бұған қоса, Түркияның саяси аспектіде мұндай қадамға баруы уақыт талабынан туындап отырғанын алға тартып отыр сарапшылар. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін