ТАЛАПКЕРЛЕР ХАСЕКИ ЖОҒАРҒЫ ДІНИ ОҚУ ОРНЫНА ЕМТИХАН ТАПСЫРУДА

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Түркия республикасы Қайсері қаласындағы «Хасеки» діни жоғарғы институтына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтуде.

Емтихан алдындағы кездесуге «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев қатысып, емтихан тапсырушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Наурызбай қажы Тағанұлы діни білімді мамандар даярлауда әріптестік танытып отырған Түрік еліне үлкен алғысын білдірді.

Биыл ҚМДБ-ға қарасты медресе-коллдеж және "Нұр-Мүбәрак" университетін бітірген 47 талапкердің өтініші қабылданып, емтихан тапсыруға жіберілген. Талапкерден емтихан қабылдауға арнайы Түркия елінен Қайсерідегі «Хасеки діни жоғарғы институтының» директоры Абдулқадир Кабдан мен Кониядағы «Хасеки діни жоғарғы институтының» фиқһ саласы бойынша ұстазы Хусейн Акынжы келді. 

Емтихан тапсыру келесідей бөлімдерден тұрады:

- Тәпсір кітабынан;

- Тәжуид;

- Араб тілінің грамматикасы.

Қазіргі уақытта өтініш білдірген талапкерлердің жартысынан көбі емтихан тапсырып үлгерді. Емтихан нәтижесі ертең белгілі болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін