ГРЕК ШІРКЕУІНДЕ ҚҰНДЫ ИСЛАМ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ ТАБЫЛДЫ

Грекияның Афон қаласында ерекше ислам жәдігерлері табылды, - деп хабарлайды kazislam.kz порталы.

Құнды қолжазбаны Кувейт университетінің археологтар тобы тапқан. «Табылған қолжазбалар исламның алтын дәуіріне, яғни VIII-XIII ғасырларға тән. Олар күнделікті оқиғаларға, ғылыми жаңалықтарға, діни істер және басқа да жағдайларға байланысты сан алуан тақырыптарды қамтиды» дейді қазба жұмыстарын үйлестіруші доктор Абдулхади әл-Аджми. Зерттеушілерге Афон тауында қазба жүргізуге грек билігі және дін өкілдері тарапынан да рұқсат алу қиынға соққан. Абдулхади әл-Аджми бұл жаңалық Грек елінің арабтар мен мұсылмандарға байланысты тарихын зерттеуші ғалымдар үшін маңызы үлкен деп санайды. Оның айтуынша, әзірге табылған қолжазбалар Афон тауына қайдан келгені анықталған жоқ.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін