Asyldin.kz сайты ашылды

“Һибатулла Тарази” мешітінде asyldin.kz сайтының ресми ашылу салтанаты өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен мешіт қызметкерлері қатысты.

Бірнеше жыл бойы hіbatulla.kz атауымен халық игілігі үшін жұмыс жасап келген сайт бүгінде жаңа атауға ие болып, дизайны толықтай жаңартылып отыр.

Мамандар атап өткендей сайт бұрынғыдан да тиімдірек етіп жаңартылды. Қазіргі дизайн озық үлгіде, көзді ауыртпайтын түстермен безендірілген. Бөлімдер топталып, өте қажетті материалдар басқы бетте пайдалануға берілген. Оқырман бұрынғысынша мақала, сұрақ-жауап, жаһан жаңалықтарымен əрі мешіт ақпаратынан хабар алып отырады, алайда жаңаша үлгіде. Сайтты телефондағы кез келген браузер арқылы да еркін қолдануға болады. Өйткені, қалайда оқырмаға тиімді пайдалануға жағдай жасалған. Ал тұрақты оқырман үшін мобильді қосымша да жаңартылып отыр.

Сайт атауын өзгертудегі басты мақсат - алдымен толықтай жаңару болса, екіншіден, асыл дінімізді ұлықтау. “Асыл дін” ұғымы қай тілде болсын кездеседі, сонымен қатар сайттың егде жастағы əрі жаңадан қосылған оқырмандарына тілге жеңіл, табуға оңай болуында. Асыл дін атауы исламға қатыстының барлығын бір тіркеске сыйдырып тұр.+

Міне, ашылу салтанатына арналған бас қосуда осы құндылықтар сөз болып, сайт толықтай таныстырылды, қызметкерлердің алып-қосар ұсыныстары тыңдалып, баға берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

“Һибатулла Тарази” мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін