"Нұр-Мүбарак" шәкірттері Ливандағы қос бірдей оқу орнында білім ала алады

 

Халықаралық академиялық қарым-қатынастарды дамыту әрі діни бағытта тәлім беретін оқу орындарымен танысу мақсатында Нұр-Мүбарак университетінің делегациясы Ливан Республикасынан жемісті оралды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының нұсқауына сай проректор, профессор Шамшәдин Керім, бөлім басшысы Рахымжан Әкімбеков, ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алау Әділбаев мырзалар әуелі Триполи университетінің ғылыми-материялдық базасымен, оқу бағдарламаларымен танысып, нәтижесінде екі жақты келісімшартқа қол қойды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін