Желтоқсан айында қанша күн демаламыз?

Желтоқсан айында елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері тойланады. Оған сенбі және жексенбі күндерін қосқанда, қазақстандықтар бұл айда барлығы 13 күн демалады.

Биыл 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, 6 күндік режимдегілер 2 желтоқсанда жұмыс істей береді, деп хабарлайды Inform.kz.

16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні сенбі мен жексенбі күндеріне түсіп тұр.  Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, мерекелік күндер демалыс күндермен қатар келсе, мерекелік күнен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

Осы айдағы сенбі, жексенбі күндерін қоса есептесек, барлығы 13 демалыс күні шығады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін