Қарағандыда Мәуліт мерекесі тойланды (фото)

Бүгін Қарағанды облысы  мешіттерінің ұйымдастыруымен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі болып өтті.  Рухани кешке елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Ауқымды залда бірде-бір бос орынның болмауы адамзаттың асылы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға деген халықтың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін аңғартқандай.

Кеш басталмай тұрып ерте келген шахар қонатары бір-бірін Мәуліт мерекесімен құттықтап, мәре-сәре болған жамағат қуаныш көрігін қыздыра түсті. Кеш шымылдығы ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынш өкіл имамы Өмірзақ қаы Бекқожаның құттықтау лебізімен ашылды. Мәуліт мерекесі мән-маңызы жайлы айтып өткен сөзінің кеш қонақтары үшін пайдасы ерекше болды.Сонай – ақ, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы Жұмабеков өз құттықтауын жекізіп    рухани кеш қонақтарының сәл де болса білімін арттырып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктерін оятуға септігін тигізгендей.

Әрі қарай рахани кештің берекесін кіргізген «Өнер қырандары» театры сахнада өнер көрсетіп, қонақтардың ет жүрегін елжіретер көріністерімен тәнті етті. Сүйікті пайғамбарымыздың жүріп өткен сара жолын баяндап, көрермендердің есіне бір шолып өтті. Көрерменді ойға салып, шүкіршілік етудің, достықтың қадірін жете түсіндірген және Ардақты Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген махаббатын арқау еткен қойылымдар көзге еріксіз жас үйірді.  Бұдан соң сахна төріне көтерілген белгілі айтыскер ақын Дидар Хамиев анаға арнау айтып, жұрт қошаметіне бөленді.   Кеш соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы жайлы Мәуліт жыры оқылып, көрермендердің қосылып айтып отыруы үшін экраннан салауат мәтіні беріліп тұрды. Рухани кештен ерекше тебіреніп, толқып шыққанымыз сонша екі жарым сағаттың қалай тез өтіп кеткені де байқалмапты. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін