Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Ш.Керім «Құрмет» орденімен марапатталды (ФОТО)

Елімізде  дәстүрлі  ислам мектебінің қалыптасуына, білімді имамдар мен исламтанушы мамандардың қалыптасуына бар күш-жігерін жұмсап келе жатқан ғалым, профессор, Нұр-Мубарак  Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Шамшәдин Керім мырза Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.

Марапатты ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде өткен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында министр Нұрлан Ермекбаев мырза табыс етті. 

Нұр-Мүбарак университеті проректорының  мемлекеттік дәрежедегі бұл марапаты университет, жалпы діни сала үшін де ерекше серпіліс. Себебі Мысыр мен қазақ елі арасында алтын көпірге айналған университеттің Қазақстан тарапынан бекітілген басшысы проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзаның еңбегі мен университет бағытының мемлекеттік мүдде мен ел игілігіне сай екендігінің бір көрсеткіші екені даусыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін