Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасы жарияланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электрондық нұсқасы жарық көрді. Бұл туралы Ақорданың Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Туындының электронды үлгісі akorda.kz сайтындағы Мемлекет басшысының дербес парақшасына орналастырылған. Айта кетейік, «Тәуелсіздік дәуірі» тарихи публицистика жанрында жазылған, еліміздің өткені мен болашағына қатысты автордың көзқарасы егжей-тегжейлі баяндалатын кітап. Онда алдымен қазақстандық даму үлгісінің ерекшеліктері, басты ұстанымдары және қозғаушы күші сараланады.

Сонымен қатар, бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалғаны айрықша атап өтіледі. Бұған қоса, елімізді әлемдегі өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосу міндетін жүзеге асыру жолдары көрсетіледі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін