Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті (ФОТО)

          Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті. Аталмыш рухани кешке Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің, «Балақажы» мешітінің, Теміртау  және Шахтинск қаласының жамағаты жиналды. Атап айтқанда, шешен халқы, түрік диаспорасы, Қарағанды қайырымдылық мекемесінің және жат ағым өкілдері болды.  Жамағаттың басы қосылған рухани кеште Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітін бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдіріп, бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты. Сондай – ақ, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы Жұмабеков уағыз насихат айтып, Құран оқыды. Рухани кештеҚарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің және ҚМДБ – ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының жылдық есебі  көрсетілді. Аталмыш рухани кеште жамағатпен Құран хатым дұғасы бағышталды. Қазақ жəне орыс тілдерін де уағыз-насихаттар айтылды. Кеш соңында Алланың қалауымен Александр есімді бауырымыз Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін