Садақа джәрияның жеті тәсілі

Сұрақ: Садақа джәрияның (өлгеннен кейін де сауап әкелетін садақа) қандай тәсілдері бар?  Жауабы:  Әнас (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен:  «Жеті амал бар. Егер кімде-кім соларды жасаса, сауабы оған өлгеннен кейін де жазылып отырады:

«Жеті амал бар. Егер кімде-кім соларды жасаса, сауабы оған өлгеннен кейін де жазылып отырады:   Егер кімде-кім білімімен бөліссе (Суға арнап) арық қазса Құдық қазса Ағаш отырғызса Мешіт тұрғызса Мұраға Құран қалдырып кетсе Өзі өлгеннен кейін ол үшін Алладан кешірім сұрап, дұға қылатын артынан қайырлы ұрпақ қалдырса».

Бұл хадис сенімді (хасан), өйткені, көптеген дереккөздерде келтіріледі.  Тарғыб, 1-том, 96-бет, 2-том, 72-бет, Әл-Мудауи, хадис 1967 және Әс-Сираджуль-Мунир, 2-том, 337-бетті қараңыздар.  Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім. 

Әл-Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешіті – сөзсіз әлемдегі ең «таласымды» мекен болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы оған үстемдік ету үшін адамдар жандарын пида етті десек, асыра сілтеусіз айтқан болармыз.

Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын. Бұл мешіт ең ғажайып басқосудың куәгері болды – барлық Пайғамбарлар (әлейһим сәләм) Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқыды.



Мәсжид әл-Ақса жайында сіздер үшін мына қызықты мәліметтерді топтастырдық:

8. Бұл бір ғана мешіт емес

Біз «әл-Ақса» деп атап үйренген аумақта, шын мәнінде, бірнеше мешіт ...

Толығырақ: https://azan.kz/kz/maqalat/read/al-aqsa-zhayyinda-8-qyizyiqtyi-malimet-6722. Мақалаларды қалай болсын қолдану тек azan.kz сілтемесімен ғана рұқсат етіледі.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін