Бірінші наиб мүфти Палестина елшісіне қабылдау өткізді (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестина елшісі  д-р Монтасер Әбу Зейдты өз өтініші бойынша қабылдады. Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен қабылдау барысында  Палестина елшісі бірқатар маңызды мәселелер бойынша сөз қозғап, Наурызбай қажы Тағанұлына өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Монтасер Әбу Зейд сәуір айының 9-11 аралығында Палестина жерінде IX Халықаралық конференцияға ҚМДБ-ның делегациясының қатысуы жайында өтініш білдірді. Кездесу барысында құрметті қонаққа еліміздің Бас мешіті жайлы ақпарат беріліп, бес жыл ішіндегі бағындырған белестер жайлы айтылды. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жарық көрген «Ұлы дала темірқазығы» кітабы тарту етілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін