Мұсылман елінде зайырлы қоғам заңнамасын шариғатпен үйлестірмек

Индонезияның саяси партиялары некесіз төсек қатынасына барғандарғағ яғни, зина жасағандарға және бір жыныстылардың өзара жақындасуына қатаң тыйым салатын, дәлірегі, қылмыстық жаза қарастыратын заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл жайында coconuts.co ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, жаңа заң жобасына қарсы тұрғындардың қарасы көбейіп келеді. Отбасын құрмай жатып төсек қатынасына барғандар жаңа заң жобасы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұған қоса, аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі гомосексуализмді психикалық ауытқуға жатқызатын арнайы құжат дайындап жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Индонезия билігінің талап етуімен Google әкімшілігі индонезиялық гейлердің онлайн танысу сервисін алып тастаған болатын. 2013 жылы халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда, негізінен мұсылмандар құрайтын ел тұрғындарының 72 пайызы зайырлы қоғам заңдарын шариғат талаптарымен алмастыруды жақтаған. Естеріңізге тағы мәрте сала кетсек, Индонезия халқының саны 266 млн адамды құрайды, Әлемде халық саны жағынан төртінші орын алатын елдің шамамен 88 пайызы мұсылмандар. Десе де Индонезия зайырлы мемлекет ретінде танылған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін