Қарағандыда «Хадия» қайырымдылық дүкенінің ашылу салтанаты болып өтті (фото)

ҚМДБ ның "Зекет" қорының және Қарағанды облысы өкілдігінің  ұйымдастыруымен наурыз айының 7 – жұлдызында «Хадия» атты қайырымдылық дүкенінің ашылу салтанаты болып өтті. Дүкеннің ашылу салтанатында ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд Нұрұлы мырза қатысып, атаулы игі шараның мән мағынасын халыққа түсіндірді. Аталмыш дүкен «ҚМДБ Зекет Қоры» Корпоративтік қорының Қарағанды облысы  өкілдігінің атынан ашылып отыр. Қайырымдылық дүкенінде шаһарымыздағы ата- ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға қажетті заттар беріледі. Атап айтканда киім-кешек, азық түлік т.б.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін