«Ислам және отбасы» уағызы жыл соңына дейін насихатталмақ

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының «Ислам және отбасы» тақырыбына негіздеген бағыты бойынша «Әл-Машани» мешітінде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлы өзекті мәселені уақыт күттірмей күнтәртібіне қойды. Әр аптаның бейсенбі күнгі бесін намазында отбасылық өмірге қатысты уағыздардың қамтылуын ретке келтірді. Мешіт асханасында ақшам-құптан арасында ас ұйымдастырып, 300-ге жуық кісіні қатыстырды. Отбасылық құндылықтар мен жанұя жарасымы турасында кіріспе сөз айтып, орнықты отбасы болудың маңызын насихаттады. Бейсенбілік нәпіл ораза ұстаушыларға дәм берілді. Осы үрдіс әр айдың ортасындағы бейсенбі күнінде жалғасып отыратын болды.  Жыл соңына дейін «Ислам және отбасы» тақырыбында әр бап бойынша мешіт асханасында ас беріп, жамағатқа  насихат айтуды жоспарға енгізді. Мешіт ішінен отбасылық мәселелер бойынша жеке қабылдау бөлмесі жасақталды. Енді жеке сұрақтармен келген кісілерді қабылдауға қолайлы жағдай қалыптасты. Бұқара халыққа да кеңінен дәріптеу мақсатында жұма күні мешітке келген жалпы халыққа дін мен дәстүрдің сабақтастығын арттырып, қазақы салтпен наурыз көжеден дәм татқызды. Ел мен жерге тыныштық тілеп, ынтымағы жарасқан отбасылардың қатары көп болуды Жаратқаннан сұрап халықпен бірге дұға жасады. 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін