Аягөз қаласында «Қайырымдылық дүкені» ашылды (ФОТО)

Аягөз қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге аудан әкімдігі мен орталық мешіт бірлесе отырып «Қайырымдылық» дүкенін ашты. Дүкенде жан – жақтан қайырымдылық керуенімен келген киім – кешек, аяқ киімдер сұрыпталып, сөрелерге ілінді. Бұл дүкеннің бір айырмашылығы су апатынан зардап шеккендер өзіне және бала-шағасына таңдаған киім кешегін бастан аяқ тегін киіп кетеді. Бүгінгі күні 30-дан астам отбасы қалаған заттарын алып, алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін