«Нұр Отан» ғимаратында вакцинаға қарсы конференция болып өтті (фото)

 Соңғы жылдары балаларына екпе салдырудан бас тартатын ата-аналардың қатары көбейіп кетті. Осы мәселеге байланысты бүгін «Нұр Отан» ғимаратында вакцинаға қарсы конференция болып өтті. Аталмыш жиында облыстық денсаулық сақтау басшылары сондай- ақ, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысты. Үлкен отырыста вакцина жасаудың маңыздылығы талқыға салынды. Сондай-ақ, отырыста арнайы мамандар соңғы жылдары ғаламтордағы ғылыми негізсіз ақпараттардың әсерінен екпеден бас тарту деректері жиі тіркелгендігін жеткізіп, сол жайлы үлкен мәселе көтерді. Себебін анықтады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, вакцинация жұмысы қолға алынғанға дейін жұқпалы аурулар, оның ішінде тырысқақтан жыл сайын 5 миллионға жуық адам көз жұмса, қызылшадан 135-140 миллион адам зардап шегіп, 5-7 миллион бала көз жұматын болған. Ал вакцинациялау жұмыстарынан кейін тырысқақ, шешек, оба секілді ауруларға шалдығатындардың саны күрт төмендеген. Вакцинацияның тиімділігі тек шет мемлекеттерде ғана емес, біздің елімізде де көрініс тапты. Мәселен, 2002 жылы екпенің арқасында Қазақстан полиомиелит ауруы тіркелмеген ел ретінде арнайы тізімге енді.

Түйін:

«Нұр Отан» ғимаратында өткен бұл маңызды жиынның мақсаты вакцинаның халық денсаулығында, салауатты өмір сүруінде үлкен рөл атқаратынын мәлімдеп, қара халықтың вакцинадан бас тартпауын түсіндіріп,  БАҚ көздері арқылы халықпен бөлісті.

Өзгеше көзқарас, екпенің зияндылғы жайлы қауесет ересек адамдар үшін маңызды шығар, бірақ баланың денсаулығы бірінші кезектегі мәселе болуы тиіс. Балаларымызды дерттен сақтайық!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін