Халқың барда қамықпа

Екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз; «Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе,Алла оған көмектеседі»деген.Міне осы ұстанымды алға қойған «Жанқұтты би» мешітінің ұжымы және бас имам Берік қажы Алпысбайұлының ұйытқы болуымен ізгі шара ұйымдастырылды.Танысқа да,бейтанысқа да бауырындай қарап,өздеріне ғана емес,ізгі амалдарымен өзгеге де үлгі көрсетіп,халықты жомарттыққа,мейрімділікке тәрбиелеуде.27.05.2018 жылы Шет ауданы,Ақсу-Аюлы мекенінде «Халқың бар да қамықпа» атты қайырымдылық концерті болып өтті.Мәдениет үйі ине шаншар орын болмай көптеген халық рухани мәдени кешті тұрып тамашалады.Қайырымдылық кешке келген халықта шек болмады.Кеш барысында Асыл Рысбай тізгінді ұстап рухани кешті жүргізссе,кеш қонақтары Ш.Марден,А.Ахметжанов,М.Бакенов,А.Құттыбай,Е.Тлеуберген,Қ.Советов сынды өнерпаздар әннен алқа,жырдан жауһар тақса,М.Осатаев,Н.Байсүгіров ұлттың қазнасы домбырамен терме төкті.Қайырымдылық кешке өнерпаздар аянбай қызмет етіп,өз үлестерін тигізді.Тағыда ауыз толтырып айтатын,тілге тиек ететіні кеш барысында қазақтың төл өнері айтыста болды.Айтысқа Қарағандылық жыршы,айтыскер ақын Дидар Қамиев пен Мақсат Ақанов қатысып,кешті жандандырды.Қазақтың сөз шебері,шешені Шағырай шешен өз кезегінде:Өзін ғана ойлаған,жамандықтың белгісі.Өзгені де ойлаған,адамдықтың белгісі.Үлгілі сөз білмеген,надандықтың белгісі.Бар-жоғына қарамас,анық жомарт,ер кісі.Осы өлең жолдарымен адам санасына жомарттықтың қандай екенін жеткізген.Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң-кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық,қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр.Абайдың он төртінші қара сөзінде «нағыз жүрек ісі-рақымшылық,мейрбандық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып бауырым деп,өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді»деп тілеу адамдықтың белгісі дейді.Кедейліктен қорқып сараң болмайық.Өйткені ол садақа бергізбеу үшін шайтанның азғыруы болып табылады.Мұндай қорқынышпен күресу үшін илаһи жомарттық пен рақымдылықты еске алайық.Дұрыс ақылдың белгісі-шайтанның арбауынан гөрі Алланың уәделеріне ден қою болып табылады.Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің,-демекші осы кештен жиналған қаржыны Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Дидарқызы Алиданың еміне көмек ретінде ұсынылды.Бір періштенің жүзіне күлкі үйіру мақсатында ұйымдастырылған бұл кеш мәдени-рухани,сауапқа мол кеш болды.Қасиетті Құран Кәрімде жақсылық сөзі 50 жерде кездеседі.Демек жақсылық жасау адамды Аллаға жақындатады.Жақсылық пен жамандықтың текетіресінде мұсылман адам Алла әмір еткендей,жақсы қасиетті таңдау керек.Адам баласы жақсылыққа ұмытылғанда ібіліс өкініштен бармақ тістейді екен.Ендеше ібілістің өкініштен бармақ тістетер,игі сауабы мол істерді жасауды және жақсылықта жарысуды нәсіп етсін.Әумин.

     Шет ауданы «Жанқұтты би» мешіті

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін