Иудейлер мұсылман жамағатына ауызашар ұйымдастырды

Түркия мемлекетіндегі иудейлер қоғамы Рамазан айында ауыз бекіткен мұсылман жамағатына арнап ауызашар дастарханын жайды. Жоғарғы раввин бастаған иудейлер қоғамының бұл шарасына жүздеген қонақ шақырылған.

Эдирне провинциясындағы Селиммийе мешіті маңында өткен ауызашар дастарханына провинция губернаторы Гюнай Оздемир де қатысып, бұл дастарханды Түркия дінаралық келісімнің озық үлгісі деп атады.

Түркиядағы иудейлер жамағатының көшбасшысы Исхак Ибрахимзаде мұндай ауызашар дастарханы осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұрғанын айтады.

Turkeyâs Jewish community holds Muslim fast-breaking dinner

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін