«УАҚЫП» қоры жас спортшының жарысқа қатысуы үшін қолдау көрсетті

Өзбекстанда көркем гимнастикадан гран-при сериясынан өткен халықаралық жарыста қазақстандық Әзізбекова Әйзере Ерланқызы бірінші орын алды. Әйзеренің көркем гимнастикамен шұғылданғанына 3 жыл болды. Бұл оның алғашқы жеңісі емес, осыған дейін спортшы елордада өткізілген халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орын алған болатын.

Естеріңізге салайық,  «УАҚЫП» қоры Әйзереге осы жарысқа қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетті. Осыған байланысты бапкерлер мен оның анасы қор басшылығына алғыс айтты. 

© 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін