Жыл басынан бері 13 мешіт ашылды

Көршілес өзбек елінде жыл басынан бері 13 құлшылық ордасы жамағатқа есігін айқара ашқан. Бұл жайында Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум барысында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти Усманхан Алимов мәлім етті.

Өзбек мүфтиінің айтуынша, билік басына Шавкат Мирзиев келісімен Ислам дінінің жаңғыра түсуіне бағытталған шаралар мықтап қолға алынған. Мемлекеттік деңгейде Құран сайыстары ұйымдастырылып, діни білім саласына да көңіл бөліне бастаған. 2018 жылы Өзбекстанда Халықаралық Ислам академиясы және «Хадис ілімінің ғылыми мектебі» ашылған болатын.

© 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін