Әлемдегі ең ұзақ сақталған нан табылды

Астана. 18 шілде. KAZISLAM – Иорданияда археологтар қазба жұмыстары кезінде ерекше жәдігерге кезікті – олар көне дәуірден бері сақталған нан қалдығын тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Islam-today хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, нан қалдықтары шамамен 14 500 жыл бұрын пісірілген. Бұл жәдігер ғалымдар үшін ерекше жаңалық болды, енді ілгергі заман адамдарының ауыл шаруашылығы дамымай тұрып, нан пісіре бастағаны анықталды.

Алдын ала болжам бойынша бұл нанды жабайы астық тұқымдарынан дайындаған. Нан кәдімгі лаваш түрінде пешке пісірілген деп жобалайды мамандар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін