Қажылар мемлекет есебінен қасиетті сапарға аттанатын ел

Бұдан былай Түркіменстан қажылары мемлекет есебінен қасиетті сапарға аттанады. Аталған ел президенті Құрбанұлы Бердімұханбетов тиісті пәрмен берді. Осыған байланысты "Түркімен әуе жолы" өз есебінен 153 қажыны Саудияға жеткізіп қоймай, елге қайтуына жағдай жасайды. Осы мақсатта "Боинг 737-800" арнайы ұшағы қажыларды тасымалдайды. Алайда, қалғандары қасиетті сапарға өз қаражатымен аттанады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін