«Әйел-қыздар» секторы ұстаздарға құрмет көрсетті (ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Астана қаласында сектордың аймақтардағы үздік қызмет көрсеткен өкілдері мен Елорданың барша әйел ұстаздарына мерекелік дастархан жайылып, қаланың көрікті орындарына саяхат жасалды.

Сектор меңгерушісі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы еліміздің рухани өркендеуі, дініміздің тұрақтылығы жолында елеулі қызмет жасап жүрген ұстаздарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан осынау айтулы мерекемен құттықтап, рахмет айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұндай игілікті шара Алла қаласа бұдан кейін де жалғаса беретіндігі жеткізілді. Сектордың жұмысының келешекте де жан-жақты қарқынды болуы, еліміздегі отбасылық, діни, рухани, оқу-ағартушылық мәселелер әңгімеге арқау болды. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін