Балқаш қаласында болған өртте Құран ғана аман қалды!

Балқаш қаласында  90-шы кварталда тағы бір өрт болды. Жеке секторда шаруашылық ғимараты толығымен өртенді. Тілсіз жаудан тек қасиетті Құран Кәрім ғана аман қалды.  Өрт сөндірушілер қасиетті кітапты тауып алып, иесіне қайтарып берді.  Бұл бейне әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып жатыр. Сенбі күні кешкі сағат бестерде басталған өрт  100 шаршы метр аумақты және 20 метрлік қоршауды толықтай бұзып, жоқ қылды. Жиһаз, құрал-жабдықтар мен заттардың барлығы өртенді. Өрт тек Құранға ғана тиіспеген екен. Бұл таңғажайып оқиға Алланың ұлық екендігінің тағы бір дәлелі!

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін