Ресейдің Новосибирск қаласында өткен IV – ші ғылыми-тәжіребиелік конференция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазенұлы Бекқожа Ресейдің Новосибирск  қаласында өткен «Зияткерлік Исламның дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын қамтамасыз етудегі этноконфессионалық диалогындағы атқаратын рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Алқалы жиынның мақсаты – дінаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ғылыми отырыста сөз алған Өмірзақ қажы Бекқожа ҚМДБ-ның төрағасы,  Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізе келе, жоғары деңгейде өткен аталмыш конференцияның ұйымдастырушыларына үлкен алғысын жеткізе отырып,бүгінгі таңда дінаралық ынтымақтастықтың қоғамдағы ролі және толеранттылықты нығайтудың негізгі шарттары туралы баяндама жасады.                           «Баршамыздың Новосибирск қаласында бас қосып, асыл дініміздің өркендеп өсуі мақсатында талқылаған жоспарларымыз Ұлы жаратушымыз Алла Тағаланың қалауымен іске аса берсін!  Алдағы уақытта да дінімізге оң септігін тигізетін осындай ғылыми отырыстар көптеп ұйымдастырыла беруін тілеймін! »- деді өз сөзінде.

Конференцияда жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен дінаралық татулықты насихаттау, әлемге қауіп төндіріп отырған экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, бүгінгі дін қайраткерлерінің тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, т.б. ауқымды мәселелер кеңінен талқыланды.      

Бүгінгі күні дүниежүзілік ислам ғалымдарын алаңдататын мәселе исламофобияның белең алып жатқаны. Сондықтан да ғылыми басқосуларды көбірек ұйымдастырып, өзара тәжірибелер алмасу аталмыш қажеттіліктен туындаған мәселе. Халықаралық басқосуда дін өкілдері бірлік, өзара түсінік, жалпы адамзаттың құндылықтары және жаһандану үдерісі мәселелерін талқылады.               

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін