НАИБ МҮФТИ КУРСАНТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Көкшетау қаласында жұмыс сапарымен жүрген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев төтенше жағдайлар мамандарын даярлайтын техникалық институтта болып,  білім алушы курсанттармен кездесті. Кездесу уағыз әңгіме түрінде өрбіді. Курсант жастар да әңгімеге араласып, сауалдарын жолдап, ұсыныстарын ортаға салды. Алау Әділбаев жастарға ақыл-кеңесін айтып, елдің мүддесі жолында шынайы сезіммен қызмет етуге үндеді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін