200 сириялық босқынға үй сыйлаған адам (ВИДЕО)

Джим Эстил 200-ден аса сириялық босқынға Канададан үй сыйлап, жұмыс тауып берді.

 Ол босқындардың ұшақпен Канадаға жетуіне, әрқайсысының орналасып үйлі-жайлы болуына жеке қаржысынан  1,5 млн доллар жұмсаған. Сонымен бірге, шақыртумен келген босқындарды өзінің DanbyProducts компаниясына жұмысқа орналастырған. Оның есебі бойынша әрбір отбасына бір жылға 30000 доллар қажет екен.

Канадалық кәсіпкер, филантроп Джеймс Эндрю Эстилл 2015 жылдан бері тұрмыстық техника өндіретін DanbyProductsLtd компаниясының президенті әрі Бас директоры. Әртүрлі уақытта 150 жаңа компанияға инвестиция құйған кәсіпкер 2015 жылы 50 сириялық босқын отбасының Канадаға орналасуына қаржылай көмегін ұсынумен халықаралық жаңалықтарға ілікті. 2017 жылы қайырымдылық істерге атсалысқаны үшін Онтарио Орденін иеленді, ал, 2018 жылы Канада Орденіне лайық деп табылды. Сондай-ақ, 2017 жылы GlobalHopeCoalition ұйымынан істеген ерлігі үшін EverydayHeroes алғыс хатын алды.  

Канада шамасы жететін жеке тұлғаларға босқындарды өз есебінен шақыртуға рұқсат еткен әлемдегі үш елдің бірі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін