Наиб мүфти Н.Тағанұлы мен «Нұр-Мүбарак» проректоры Қ.Құрманбаев Сыр елінде

ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ph.D Қайрат Құрманбаев Сыр өңіріне арнайы іс-сапармен келді.

Қонақтар сапары алдымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысудан бастау алды. Бұдан кейін мешіт кітапханасында өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы, Қызылорда облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Б.Камалов мырза және сыр өңірі имамдарының қатысуымен семинар болып өтті. Келелі кездесуде Наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы ҚМДБ басты бағыттары  мен мақсатына тоқталып, өкілдіктің жетістіктері мен жаңа өзгерістерін айқындай келе, имамдардың дәстүрлі дінімізді насихаттап, өркендеп дамуына қосып жатқан елеулі үлестері үшін алғыс білдірсе, ғалым Қайрат Құрманбаев дәстүрлі дінімізді насихаттаудағы, бұқара халыққа уағыз айтудағы назар аудартатын маңызды мәселелерді түсіндіріп өтті.

Сыр имамдарымен өткен семинардан соң қонақтар облыс басшысы Қырымбек Елеуұлымен кездесті. Сұхбат барысында ҚМДБ қызметі, аймақтағы діни ахуал тұрақтылығы, білікті кадрлар дайындау мәселелері талқыланды.  

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін