«Салт-дәстүр асыл қазынам» тәлімі мол шарада шәкірттер топтасты

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының қыз балаларға арналған бөлімінде тәлім-тәрбиелік мәндегі іс-шара өтті. Аталмыш шара «Әйелдар қыздар» секторы және сектор өкілі Бакирова Арай Серғалиқызы, «Әл Машани» мешітінің ұстазы Жикенова Бақытгүл ұстаздың жетекшілігімен ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның жастарға қатысты жүктеген бағыттарын негізге алған бас имам Қабылбек Әліпбайұлы шәкірттер бойында халқымыздың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тәрбиелік мәндегі салттары туралы  танымды арттыру, төл мәдениетіміз бен салттарымызға сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани жаңғыру негіздерін дамыту турасында насихат айтты. Іс-шара негізінен келесі тақырыптарда қамтылды.

I-« Білгенге маржан»  қазақы салт-дәстүрден насихат және көріністер:

II- « Әр елдің өз салты бар». Өзге өңірлер мен елдегі  наурыз мерекесін тойлау ерекшеліктері.

III- Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер мен құндылықтарды жаңғырту.

IV- Халық қазынасы – мақал сөздің мәйегі.  Мақал-мәтелдер сайысы.

V- Қолөнер шеберлігін шыңдау.

VI- «Арулар – асыл жандар» Видеороликтен ғибрат алу.

Сонымен қатар, халқымыздың төл дәстүрлері бесікке салу рәсімі, тұсау кесу  рәсімі орындалып, болашақ аналардың ұрпақ алдындағы міндеттері түсіндірілді. Мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова шәкірттер арасындағы белсенділіктерін арттырып, жиын соңында қосымша ақпараттармен толықтырды. Ардақты ана Бикамал қажы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа ақыл кеңестерін берді.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін