Наиб мүфти «Әнет баба» мешітінің жамағатымен жүздесті (фото)

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағатымен кездесіп, сәлт-дәстүріміз жайлы жұма уағызын жүргізді. 

Сондай ақ, мешітке келген жұртшылықты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ұлттық әдет-ғұрпымыздың ислам дінімізбен өзара сабақтастығы және ұлттық құндылықтарымыздың өзіндік орнын түсіндірді. Ата бабаларымыз ақылы мен санасын, түсінігі мен талғамын Ислам дінімен сүйемелдегенін, соның арқасында қазақтың әрбір әдеті мен ғұрпы, салты мен дәстүрі тікелей дінмен байланысып, өзара ажырамастай өріле түскенін тілге тиек етті.

Облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мешіт қызметкерлері мен көпшілік жамағат атынан наиб мүфтиге алғысын білдірді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін