Сауд Арабиясы пәкістандық қажыларға жеңілдік жасайды

Пәкістан азаматтары енді қажылықты жеңілдетілген жүйе бойынша жүзеге асыра алады. Сауд Арабиясының үкімет делегациясының Исламабадқа сапарында осындай келісім жасалды.

Samaa TV телеарнасының хабарлауынша, саудиялық делегациямен Пәкістанның діни мәселелер жөніндегі министрлігі кездесу өткізген. Онда тараптар Пәкістанның Сауд Арабиясы үкіметінің «Меккеге жол» бағдарламасына қатысуы туралы келіссөздерге келген.

Бағдарлама аясында ел қажылары Пәкістан әуежайларында кедендік бақылаудан өтеді. Ал осы уақытқа дейін тексеру процестері Сауд Арабиясы әуежайларында өткізілген еді, сол уақытта қажыларға 10-12 сағаттап кезек күтуге тура келген.

Еске салсақ, бұған дейін Сауд Арабиясына қажылыққа баратын пәкістандық азаматтар үшін визалық төлем жиынтығы да айтарлықтай төмендетілгені хабарланған еді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін