«JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты жастар форумы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторы «Жастар жылына» орай ү.ж. 11 сәуір күні «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты жастар форумын  өткізуді жоспарлап отыр. Форумға еліміздің белсенді зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары, медресе шәкірттері және Нұр-Сұлтан қаласының белді ЖОО-ларынан 300-дей студент қатысады.

Форумның жұмыс тәртібінде жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар бойынша тәжірибе алмасулар, осы бағытта ынтымақтастықты нығайту, жас буынның әлеуетін арттыру, діни экстремизм мен радикализмның алдын алудың тәжірибелік механизмдерін қалыптастыру, т.б. мәселелер талқылау жоспарланған.

Баяндамашы ретінде шақырылған қонақтар:

  1. Ресей Федерациясының бас мүфтиі, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин
  2. ҚР Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек СМАҒҰЛ
  3. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы
    Данияр ЕСИН
  4. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
  5. Ресей қоғам қайраткері, РФ Қоғамдық палатасының мүшесі, «Салауатты Ресей» федеральді жобаның жетекшісі Султан ХАМЗАЕВ
  6. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Жастар және отбасы істер комитетінің төрағасы Асхат ОРАЛОВ
  7. «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Бақтияр АРТАЕВ
  8. «CASCADIACONSUMER ELECTRONICS CORP.» жауапкершілігі шектеулі қоғамының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Тілектес АДАМБЕКОВ
  9. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық істер басқармасының бас маманы Әділет ТӨЛЕУТАЕВ
  10. «Қазақстан студенттері Альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әнуар ЖҰМАБЕКОВ
  11. «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің үшінші курс студенті Шыңғыс САДУЕВ
  12. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жастар ісі секторының меңгерушісі Махамбет ИСКАНДЕРОВ

 

Өткізу орны және уақыты: Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының конференция залы, 2019 жылдың 11 сәуірі, сағ. 15.00-де.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін