ҚАРАҒАНДЫДА ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ - ның  төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы берген тапсырмаларының аясында көптеген қайырымдылық іс- шаралары өткізіліп жатыр.

Сондай, рухани шараның бірін іске асыру мақсатында, облыстық мешіттің ауласына қазақи  киіз үй тігіліп, жағдайы төмен, көп балалы аналарға дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген.

Ауызашар беру – сауапты іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады» - деген.

 Ізгілікке толы шара Қарағанды обыстық «Әнет баба» мешітінің, «Әйел қыздар» секторының және «Асыл ірге» еріктілер ұйымының тікелей ат салысуымен жүзеге асты. Жиналған әйелдер жамағатына ұстаздар қауымы Рамазан айының құндылықтары жайлы  уағыз насихат айтып, соңында қарт әжей батасын берді. Киіз үйде беріліп жатқан ауызашар дастарханы Рамазан айының барлық күндерінде жайылып, қонақ күтілетін болады.

Алла амалдарымызды қабыл етсін, қолдаушы және ұйымдастырушыларға береке берсін деген тілектеміз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін