Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді (фото)

Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінен бастап Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде күнделікті тұрақты түрде ауызашар беріліп келеді. Мешіттің асханасы мен аулаға тігілген қазақи киіз үйде де берекелі дастархан жайылуда. Бүгінгі ұйымдастырылған ауызашар Қарағанды облысындағы зиялы қауым өкілдеріне арналды. Қарағандыға белгілі  ақын жазушылар мен елге еңбегі сіңген қайраткерлер ауызашар дастарханынан дәм татты.

Облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа өлкенің сыйлы азаматтарын ілтипатпен қарсы алып, ауызашарға келген құрметті қонақтарға алғыс хат табыстады. Қонақтармен бірге имандылық , ізгілік тақырыбында әңгіме дүкен құрды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін