Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Ораза айт мейрамы тойланды (фото)

 Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Хадисте келтірілгендей,  айт күні Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) былай деген: "ей, адамдар, бұл күні сәлемді жайыңдар, тамақтаныңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер» деген.

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтілді. Облыс  өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа қала тұрғындарына өзінің құттықтауы мен ыстық ықыласын жеткізді. Уағыз насихат айтылып, жергілікті уақыт бойынша 6:30-да 5000 мыңнан аса жамағат қатысқан айт намазы оқылды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Жылдағы дәстүр бойынша намаздан кейін ұлттық ойындарымыз қазақша күрес, арқан тартыс, аударыспақтан жарыстар ұйымдастырылып, жүлделі орындар беріп, сыйлықтар табыстады. Ораза айттың құрметіне берекелі дастархан жайылып, барша жамағат бір ауыздан мереке күнді жоғары деңгейде атап өтті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін