«Әнет баба» мешітінде діни сауат ашу курсының қорытынды кеші өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жазғы демалыс басталғаннан балалардың бос күндерін тиімді пайдалану үшін имандылық білім мен тәрбие алуына, Құран оқу мен араб әріптерін үйрену бағытында бастау алған бір айлық курстың қорытындысы жасалды. «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы діни сауат ашудың маңызы мен ұрпақ тәрбиесі жайында насихат айтып, баланың ата-ана алдындағы міндеттері турасында тоқталып өтті. Жазғы уақыттарын тиімді пайдаланып діни сауат ашу курсында тәлім алған балаларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Балалар да өз кезегінде тәлім берген ұстаздарына алғыстарын жеткізіп, қуаныштарын бөлісті. Сауат ашу курсында Құран әліппесі, көркем-мінез, ислам әдептері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан дәрістер жүргізілген болатын. Жыл сайын дәстүрге айналған мешіт жанындағы діни сауат ашу курсына биыл жүзге жуық шәкірт қатысты. Бір айлық курс аяқталғанымен жалпы дәріс аламын деушілерге басқа уақытта да діни білімін жалғастырушылар үшін мүмкіндік бар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін