Мешіт құрылысының жұмыстары пысықталды

Қала төңірегіндегі қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылысының нысандарын аралап, жәй-күйімен танысу үшін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бағыты бойынша наиб имам Абдрахманов Ысқақ жұмыс жүріп жатқан жерлерге барып қайтты. Күнгей ықшам ауданындағы мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Жергілікті «5-арна» телеарнасына мешіт салудың және оған үлес қосқан жандардың сауабы жайында сұхбат берді. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты. Бүгінде қала төңірегінде төрт мешіттің құрылысы басталып кеткен. Уақыты келгенде ғибадат үйлерінің халық игілігіне берілетін күн де алыс емес.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін