Елорда күні құтты болсын! - Наурызбай қажы Тағанұлы

Құрметті ағайын, қадірлі қазақ жұрты!

Баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы дала астанасының абырой-атағы асқақтап, күн санап ажар-сәулеті артып келе жатқанына көз сүйсініп, көңіл тойғандай. Егемен елімізді ертеңге жетелеген Бас қаламыз – бірлік пен берекенің тоғысқан мекені, игіліктің бастау бұлағы іспетті.

Сан түрлі армандар орындалып, сан қилы тағдырлар тоғысқан Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде еліміздің жүрегі іспетті күллі қазақ даласына қан жүгіртіп, болашаққа бастап келеді. Астана болып жарияланғалы жиырма жылдың ішінде жан танымастай жаңарған жас шаһарымыз бүгінде төрткүл әлемге танылып үлгерді. Әлемдік деңгейдегі түрлі басқосулар мен көрмелерге куә болған қала тұрғындарының да қатары артып, бүгінгі таңда бір миллион жан бақытты ғұмыр кешуде.

Замана көшіндегі тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, Елордасы еңселі болғай!

Наурызбай қажы Тағанұлы

ҚМДБ төрағасының бірінші
орынбасары, наиб мүфти,
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін