Елорда бойынша 50-ден астам қасапшы біліктілік арттырды (ФОТО)

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Құрбан айт мерекесіне орай өткен баспасөз мәслихатында құрбандық шалынатын орындардың санитарлық тазалығы мен қауіпсіздігі жайлы талқыланып, дайындық шаралары таныстырылды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атап өткендей, қазіргі таңда қаладағы құрбан шалынатын 7 орындағы тазалық пен тәртіп мәселесі түгелдей қолға алынып, қасапшы азаматтарды дайындау әзірліктері жүргізіліп келеді.

Бұған қоса, Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы қасапшы азаматтар үшін «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылып, 50-ден астам жан біліктілік жетілдірген. Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бастау алған бұл тектес семинарлар Құрбан айт мерекесі басталғанға дейін жалғасатын болмақ.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін