ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы Қарағанды өңірінде

Бүгін Қарағанды облыстық орталық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ сараптау комиссиясының қатысуымен облысқа қарасты имам молдаларының сараптау аттестациясы басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы құрылған комиссиясы барлығы 235 діни қызметкерді аттестациядан өткізеді. ҚМДБ-ның Комиссия құрамында: ҚМДБ-ның Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесші Мекежанов Балтабай Уажитұлы, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы бар. Сараптаудан алдын «Әнет баба» мешітінде Комиссия мүшелерінің аттестациядан өтетін облыс имамдарымен жалпы кездесуі өтті. Құрметті қонақтар сараптауға қатысатын діни қызметкерлерге бүгінгі уақыт талабына сай өткізілетін сараптаудың негізгі мақсаты мен діни сауаттылықты арттырудың, оны үнемі жетілдіріп отырудың маңызы турасында сөз сөйледі. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы сараптауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сараптау барысында қырағат, тәжуид,  фиқһ, ақида,  ислам тарихы, әкімшілік жүйе  және тұғырнама бойынша сынақ алынады.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін