Бас мүфти мешіт ашылуына қатысты

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет Қарағанды облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин ауылындағы «Күмісбек молда» мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бір мезетте 500 адам сиятын көрікті мешітті салған Ахметов Қуат мырзаға алғыс айтып, ризашылық білдірді.
Жиналған халыққа ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді. Мерейлі жұма күні халық игілігіне берілген мешітте Бас мүфти туған елге құрмет көрсету мен тәуелсіздік тұғыры турасында уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін